Кеше утиль алымға қарсы өтінішті қарайтын жұмыс тобы Алматыдағы ірі зауыттардың біріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
inbusiness.kz-тің жазуынша, кәсіпорындағы экскурсия қосалқы бөлшектер жиналатын цех пен қоймадан басталды. Осы арқылы салаға жауапты министрлік елімізде автокөліктер өндірісі толық көлемде жолға қойылғанын және дамып жатқанын көрсеткісі келді.
Бұл жиынға петиция бастамашылары қатыспады. Басқосуда депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері мен вице-министрлер ғана келді.