Үстел теннисінен 13 қазақстандық төреші халықаралық ITTF категориясын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айман Қапарова, Әділ Әбелдинов, Қуаныш Әбдірахманов, Людмила Анисимова, Бақзада Байжан, Қарлығаш Ішкенбаева, Ши Пынчин, Дильназ және Гүлназ Жәләлдиналар, Жақсықұл Садықова, Бекзат Әубәкіров, Рашид Ғабиев, Саламат Қабидаев сынды төрешілер аттестациядан өтті.
Мамандар семинардан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды. Бүгінде республикалық Федерацияның спорт төрешілері тізімінде халықаралық категорияны иеленген 30 адам бар.