Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Түркиядағы турнирде топ жарды

17 Ақпан 2025, 01:17
311
Бөлісу:
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Түркиядағы турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz

Үстел теннисінен қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Түркияда өткен WTT Youth Contender турнирінде екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Жәния күміс медаль еншіледі.

Сондай-ақ 15 жасқа дейінгі қатысушылар арасындағы бәсекеге де қатысып, қола жүлдегер атанды.

Өзгелердің жаңалығы