Үстел теннисі: Кирилл Герасименко – Ислам ойындарының алтын жүлдегері

ҚР үстел теннисінен ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко қазіргі уақытта Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Тұрар Қазанғапов 14 Қараша 2025 2025, 00:24
14 Қараша 2025 2025, 00:24
1256
Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР үстел теннисінен ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко қазіргі уақытта Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы жекелей финалда ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.

Шешуші кездесуде Герасименко Ассардан кек алып, 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының 1/8 финалында да кездесті. Мысырлық спортшы сол кездесуде жеңіске жетті.

Наверх