Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында

1 Шілде 2025, 02:16
700
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалда жеңіске жетті.

Бұл кезеңде отандасымыз Оңтүстік Кореядан барған Ли Чонмокты айқын басымдықпен жеңді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Алан Тайбэй өкілі Хун Цзинь-Каймен кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы