Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

1 Қазан 2021, 18:36
3154
Бөлісу:
Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр. 

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Пәтер кілттерін кезекте тұрған қала тұрғындарының бір бөлігі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтардың кезекті бөлігі алды. 

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отау» көппәтерлі тұрғын үй кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов «Отау» көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілтін табыс етті.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Мұны тұрғын үй кешені дегеннен гөрі шағын аудан десек те болады. Бұл аумақта келесі жылы жаңа мектеп бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде жаңа автобус бағыты ұйымдастырылды. Балабақша, медициналық орталық секілді басқа да әлеуметтік маңызды ұйымдар бой көтереді. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалады, – деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Осылайша, Алматы ауданында орналасқан «Отау» тұрғын үй кешенінің пәтерлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отбасы банк» жүйесі арқылы пайдалануға берілді. Су жаңа кешенде 1 884 пәтер бар.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Бүгін қоныс тойын тойлап жатқандардың бірі – елордадағы №65 мектеп-гимназиясының оқытушысы Ағила Ғаниқызы.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Қаладағы зәулім көпқабатты үйлерді көріп, «Шіркін, менің де өз баспанам болса ғой» деп қатты армандайтынмын. Ниет етсең, түбі жетесің ғой. Енді бүгін, міне, пәтерге қол жеткіздім, – дейді жас ұстаз қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынады. Тек соңғы 3 жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасады.

Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды

Өзгелердің жаңалығы