Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталды деген сыбыстардан кейін бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.
Бұл өтірік. Абсурд. Мен жұмыста болдым. Жиналыс болды. Басқа елдегі әріпестермен сөйлестім, - деді Мұрат Нұртілеу.
Сонымен қатар, ол "Фейк таратқаны үшін сотқа жүгінесіз бе?" деген сұраққа да жауап берді.
Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан зайырлы мемлекет. Тиісті органдар бар, қажет болса, солар айналыссын. Мен оны өз басыма қабылдағым келмейді, - деді ол.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте БАҚ-та Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл министрдің ұсталғаны жөніндегі қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметкерлердің ұсталғаны туралы жарияланымдар аясында бірден журналистерге үндеу жасады. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертті.
Кейінірек Үкімет жанындағы Дезинформациямен күрес орталығы Нұртілеу мен Гаджиевтің ұсталғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.