ҰСО мамандары жалған сүт өнімдерін жасау дерегін анықтайды

5 Тамыз 2022, 17:27
1452
Бөлісу:
ҰСО мамандары жалған сүт өнімдерін жасау дерегін анықтайды

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханаларының мамандары дүкендерден жалған сүт өнімдерін жасау бойынша зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша зерттелген 166 сынаманың 32-сі май-қышқыл құрамы бойынша «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды, яғни табиғи ингредиенттердің орнына алмастырғыштар қолданылған.

Бұл өнімдер зерттеуге халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі негізінде  келіп түсті. Жалған өнімдер тізімінде Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның сүт өнімдері бар, сәйкессіздіктердің 78%-ы отандық өнімге тиесілі. 

Сары май, сүт және қаймақта талапқа сай келмеу дерегі басымырақ. Бұл өнімдердің таңбаларында табиғи ингредиенттер пайдаланылғандығы көрсетілгенмен, зерттеу барысында алмастырғыштар анықталды.

ҰСО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәдуақас Байғабылов жалған өнім жасаудың ең көп таралған тәсілдерінің бірі қымбат сүттің майын неғұрлым арзан өсімдік майларымен (пальма, соя және басқа да майлармен) немесе сүттің майын  жануар майларымен (сиыр еті, шошқа еті, балық майы) ішінара немесе толық ауыстыру болып табылатынын атап өтті. Әр майдың өзіндік құрамы мен май қышқылдарының қатынасы бар, оларды тек зертханалық зерттеулерде анықтауға болады, - делінген «Ұлттық сараптама орталығы» хабарламасында. 

Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, жасанды сүт өнімдерін мерзімді пайдалану А және Д витаминдерінің жетіспеуіне әкеліп, бұл соңында ересектерде остеопороз, балаларда рахит тудыруы мүмкін.Әсіресе балаларда аллергиялық реакциялардың барлық түрлерін тудыруы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы