Еліміздің бірнеше өңірінде күн суытып, үсік жүреді

8 Қыркүйек 2020, 18:45
2503
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде күн суытып, үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

9-10 қыркүйекте Қарағанды ​​облысында кей жерде тұман болады деп күтіледі. 9 қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні кей жерде 1-3 градус аяз болады. Дауылдың ықтималдығы 70-75% құрайды.

Ақмола облысында 9 қыркүйекте түнде кей жерде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды. Нұр-Сұлтанда 9 қыркүйекте түнде топырақ бетіне мұз қатады, 2 градус суық болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысында 9 қыркүйекте күн күркірейді, түнде тауда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с қатты жел соғады.

Қызылорда облысында 9 қыркүйекте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың болу ықтималдылығы - 90-100%.

Қостанай облысының шығысында 9 қыркүйекте түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Дауыл болу ықтималдығы - 90-95%.

Батыс Қазақстан облысында 9 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де мүмкін. Екпіні 15-20 м / с қатты жел оңтүстік бағытқа қарай соғады. 9 қыркүйекте күндіз Оралда найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с. Дауыл болу ықтималдылығы - 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы