Үшжақты салалық келісімге қол қойылды

5 Шілде 2022, 15:10
1300
Бөлісу:
Үшжақты салалық келісімге қол қойылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азаматтық авиация ұйымдарының жұмыс берушілері және «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы салалық келісімге қол қойылды. Үшжақты келісім 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Үшжақты салалық келісімге қол қойылды

Атап айтқанда, құжат әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар, ұжымдық еңбек дауларын тиімді шешудің механизмін енгізіп, осы тараптағы міндеттемелерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар салалық келісім көлік саласындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен мүдделерді қорғау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асыруға да ықпал етпек. Өзара келісімнен туындайтын ережелер тараптар үшін міндетті және ұжымдық шарттар жасасу кезінде оларды алып тастауға немесе азайтуға болмайды. 

Үшжақты салалық келісімге қол қойылды

Сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құжатты қабылдауға қатысқан әлеуметтік серіктестерге министрлік атынан зор алғысымды білдіремін, – деді  Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.

Өзгелердің жаңалығы