Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады.
Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің қызметкерлері жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ныкем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді.
Сонымен, ұшу-қону ең аз орындалатын күндералдын-ала анықталды. Бұл 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт.
Айтпақшы, резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щеткамен жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар болып табылады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.