Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округіне қарасты Жандосов ауылының маңындағы таулы аймақта 2 қыркүйекте басталған өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік жер қорында құрғақ шөп жанған.
ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары таулы рельефтің ерекшелігіне (беткейлердің еңісі 60–80 градус) және екпіні 15–20 м/с-қа дейін жеткен қатты желге байланысты қиындық туғызған.
Алматы облысы, Алматы қаласы және жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлар департаменті күштерінің үйлескен іс-қимылы арқасында өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді, - делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салды.