Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды.
«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы – Бейжің» бағытымен ұшқалы тұрған HU–7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.Ұстауға себеп: аталған азаматтан тексеру барысында кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге болды. Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.