Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңілді

2 Маусым 2023, 20:56
676
Бөлісу:
Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңілді
PHOTO
Фото: Шамкен Байырбек

Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан 26-шы әлем чемпионының 5-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс жолына Ұлттық құрама сапынан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) шықты.

Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңілді

Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина Стойковичке жол берді. Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундында отандастарымыз көп дәл соққы жасап, басым түсті. Алайда 21 жастағы хорватиялық таразы басын теңестіріп, осыдан кейін шешуші раундта да ұтып кетті. Рита 1/8 айналымында аустралиялық Джульет Дахудты, оның алдында испаниялық Лаура Кортегосо Лиманы айқын басымдықпен жеңген.

Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңілді

Жавохирхон Исламов Бурундиден келген Бенумугиша Гай Калебті ойсырата ұтып, чемпионатты жарқын жеңіспен бастаған. Алайда 2-айналымда Германия құрамасының өкілі Халед Абдель Халимнің мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Ертең даянг төрінде Назым Махмұтова (62 кг) мен Нұрқанат Қожахметов (74 кг) бағын сынап көреді.

Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңілді

Жалпы биылғы додаға 145 елден мыңға тарта таеквондошы жиналды. Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқаны таеквондодан XXVI әлем чемпионаты. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады. Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпия ойындары (G20). Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр. Әлем чемпионы 140 балл алса, күміс жүлде үшін 84, қолаға 50 ұпай беріледі.

Өзгелердің жаңалығы