«Үшарал-Достық» күре жолы ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
«Жетісу өңіріндегі «Үшарал-Достық» күре жолындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу сағат 9:30-дан бастап алынды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында боран соғып, жолдың көрінбей қалуы себепті «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.