Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Ұшақты жарып жіберемін": Трампқа наразы жолаушы әуеде шу шығарды

28 Шілде 2025, 05:17
878
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Ұлыбританияда EasyJet әуе компаниясының Лондон–Глазго бағытындағы рейсінде саяси наразылық білдірген жолаушы ұшақты жарып жіберемін деп қорқытты. Бұл туралы куәгерлерге сілтеме жасап The Sun басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға ұшақ әуеде болған сәтте орын алған. 41 жастағы Үндістан азаматы, Ұлыбританияда босқын мәртебесі бар жолаушы өзінде бомба бар екенін және АҚШ президенті Дональд Трампқа "сигнал жіберу" керектігін мәлімдеген. Ол мұндай әрекетке Трамптың саясатына наразылық білдіру мақсатында барғанын айтқан.

Әуе кемесіндегі басқа жолаушылар оны дереу залалсыздандырып, еденге құлатып, жағдайды бақылауда ұстаған. Ұшақ қонғаннан кейін Глазго әуежайында күдікті жергілікті полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жүгінен ешқандай жарылғыш зат табылмағаны анықталды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы