Облыс әкімі Дастан Рыспеков Scat әуе компаниясының борттық журналындағы суретке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген өңір басшысы материалдың расымен ақылы түрде орналастырылғанын айтты.
Иә, бұл - біздің өңірдің туристік әлеуетін танытуға бағытталған жұмыс. Материал ақылы негізде жасалды. Бірақ, журналға енгізілген сурет басқарма мақұлдаған нұсқа емес, басқасы жарияланған,-деді әкім.
Жарнама материалын орналастыру жұмысын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жүргізген. Қазіргі таңда басқарма келісімшарт талаптарының бұзылуына байланысты орындаушы компанияға ресми шағым дайындауда.
Даулы фото әлеуметтік желілерде кең таралып, TikTok-та ерекше қызығушылық тудырды. Әкім сөзінше, бұл облыстың имиджіне әсер етуде.
TikTok аккаунттағы видео 300 мыңнан астам қаралым жинаған. Жалпы аудитория миллионнан асып кеткен шығар. Оқырманы көп журналдың өзі ондай көрсеткішке жетпейді. Бір жағынан, жаман жарнама да – жарнама", - деді облыс әкімі.