Ұшақ апаты. Зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  -архив 27 Желтоқсан 2024 2024, 11:56
27 Желтоқсан 2024 2024, 11:56
1984
Фото: -архив

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр. Оның 4 жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр. 2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда, - деп жазды денсаулық сақтау мекемесінен.

Облыстық көпбейінді ауруханада ем алып жатқан 6 науқастың 3-уі Әзербайжан, 3-уі Қырғыз елінің азаматы. Олар емдерін толық көлемде алуда.

Наверх