Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады

Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің Телеграм арнасына сілтеме жасап.

25 Желтоқсан 2024 2024, 18:43
АВТОР
 Маңғыстау облысы әкімдігі 25 Желтоқсан 2024 2024, 18:43
25 Желтоқсан 2024 2024, 18:43
702
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай орын алған жерге барады. 

Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесуді, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр. 

Барлық төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.

Наверх