Ұшақ апаты: Қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды

26 Желтоқсан 2024, 19:50
346
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды, - делінген ведомство хабарламасында.

14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы