Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді.
АН-26 ұшағы құлап, өртенді.
Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр.
4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 ж.т. сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 ж. т. ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қ. №4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр, - делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін күш салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.