Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үш жасар баладай көлемдегі алып изумруд табылды

16 Қыркүйек 2025, 15:14
381
Бөлісу:
 positivoleiloes.com.br
Фото: positivoleiloes.com.br

Бразилияның Баия штатында үш жасар баладай көлемдегі алып изумруд табылды. Салмағы 241 кг асыл тас шамамен 176,7 млрд теңгеге бағаланып отыр, аукциондағы бастапқы бағасы – 9,2 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі WDAF-TV басылымына сілтеме жасап.

Асыл тастың өлшемі шамамен 90 на 40 сантиметрді құрайды, ал салмағы – 241 килограмм. Оның 45-50 пайызы, яғни шамамен 110-120 килограммы – таза изумруд кристалдары.

Алып изумрудтың құны шамамен 365 миллион доллар (176,7 миллиард теңге) деп бағалануда. Алайда аукциондағы бастапқы баға бұдан әлдеқайда төмен болады – шамамен 19 миллион доллар (9,2 миллиард теңге).

Сауда 23 қыркүйекке дейін жалғасады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы