Үш жасар бала он үшінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
- Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!