Үш рет мас күйінде көлік айдаған екібастұздық жауапқа тартылды

6 Желтоқсан 2021, 20:26
1150
Бөлісу:
Үш рет мас күйінде көлік айдаған екібастұздық жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 32 жастағы тұрғынды соңғы үш жылда мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш рет ұстады деп хабарлады Polisia.kz. 

Бірінші рет жүргізуші Екібастұз қаласында мас күйінде көлік жүргізгені үшін 2018 жылы 15 қыркүйекте ұсталды, сол кезде полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады, сот қаулысымен жүргізуші 8 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қүркебаев. 

Алайда ер адам бұдан қорытынды шығармай, 2018 жылы 11 қарашада тағы да мас күйінде көлікке отырған. 

Көлік басқару құқығы жоқ бола отыра, мас күйінде көлік жүргізгені үшін Екібастұз полицейлері аталған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Іс сотта қаралды, онда сот қаулысымен жүргізуші белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан айырылып, 2026 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Соттылығы өтелетін күн – 2024 жылғы 26 сәуір. Ер адам пробация қызметінің бақылауына алынды.  

2019 жылдың сәуір айында 32 жастағы жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін полиция қызметкерлері тағы да ұстады. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2019 жылы 24 сәуірде іс сотта қаралып, жүргізуші кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталды, – дейді Азамат Қүркебаев. 

Алайда жүргізуші 2026 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ол мерзімінің аяқталуын күтпей, 2021 жылдың 27 қарашасында жол ережесін тағы да бұзды. Сағат 12.40 шамасында Екібастұз қаласының Беркімбаев көшесінде жол қозғалысын қадағалау кезінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін Opel Vectra маркалы автокөлігін тоқтатты. 

Құқық бұзушы жоғарыда аталған жүргізуші болып шықты. Оған қатысты осы құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Сот шешімімен жүргізушіге 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Айта кетейік, жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер мас күйінде басқарған 1310 жүргізушіні жауапқа тартты.


Өзгелердің жаңалығы