Үш қазақстандық теннисші "Ролан Гарростың" екінші кезеңіне өтті

Францияның ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінде тағы үш қазақстандық теннисші екінші айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

29 Мамыр 2024 2024, 19:45
АВТОР
 olympic.kz 29 Мамыр 2024 2024, 19:45
29 Мамыр 2024 2024, 19:45
679
Фото: olympic.kz

Францияның ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінде тағы үш қазақстандық теннисші екінші айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик франциялық Грегуар Баррерді ұтты. Оның ендігі қарсыласы -Ян-Леннард Штруфф (Германия).

Юлия Путинцева америкалық Слоан Стивенсті екі сет қорытындысы бойынша жеңді. Келесі айналымда испандық Паола Бадосамен кездеседі.

Елена Рыбакина бірінші кезеңде бельгиялық Гритт Минненен басым түсті. Рыбакинаның келесі айналымдағы қарсыласы- нидерландтық Аранта Рус.

Наверх