Үш облыста жол жабылды

Бөлісу:
Үш облыста жол жабылды
Фото: скрин

"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабылғанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

- «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

ШҚО:

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жамбыл облысы

- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы