Үш облыста тас жолдарды су шайып кетті

24 Наурыз 2025, 09:45
1045
Бөлісу:
Үш облыста тас жолдарды су шайып кетті
Фото: видеодан кадр

24 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша үш облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолын еріген қар суы басты. Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы