Бұл туралы «Қазақстан тұтынушылар лигасы қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, еліміздің тұтынушылары қаржылық қақтығыстарға жиі тап болады.
Жеке кәсіпкерлерге әртүрлі қызметтерге тапсырыс беру кезінде азаматтарымыз қаржылық қақтығыстарға жиі тап болады. Басты себептің бірі – шартты сауатсыз жасау, тұтынушы құқығын білмеу. Сауда-бөлшек сауда желісінде де мұндай мәселелер жетерлік, - деп атап өтті лига басшысы.
Сонымен қатар ол әсіресе азық-түлік өнімдерінде контрафактілік өнімдердің саны артқанын айтты.
Бүгінгі таңда азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары бағасының өсуіне байланысты халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіретін жалған сапа сертификаттары бар контрафактілік өнімдердің саны артып келеді. Биыл жеті айдың ішінде ғана Қазақстан тұтынушылар лигасының мамандары мемлекеттік органдармен бірлесіп, импорттық өнімдер арасынан үш мыңға жуық қауіпті тауарларды анықтады. Тек өз құқықтарын нақты білу және оларды қолдану тұтынушыларға тауарлар мен қызметтер нарығындағы бұзушылықтарды өзгертуге көмектеседі, - деді Светлана Романовская.