Синоптиктер Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкент бойынша 26-28 мамыр аралығына қатысты ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Астана
26 мамыр: аспан бұлтты, қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+ 4°C, күндіз: +12...+14°C.
27 мамыр: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Түнде желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +13...+15°C.
28 мамыр: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болады, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, күндіз кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +10...+12°C.
Алматы
26 мамыр: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн райы тымырсық. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +11...+13 °C.
27 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°C, күндіз: +17...+19°C.
28 мамыр: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +21...+23°C.
Шымкент
26 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, күн райы тымырсық. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +17...+19°C.
27 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +23...+25 °C.
28 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +23...+25°C.