Үш күнде 10 алтын, 32 медаль: Қазақстан құрамасы тарихи нәтижесін жаңартты

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы үш күнде 10 алтын медаль жеңіп алып, бұрынғы рекордын жаңартты. Ұлттық құраманың қоржынында қазір 32 жүлде бар.

21 Қазан 2026, 19:32
АВТОР
 Туризм және спорт министрлігі 21 Қазан 2026, 19:32
21 Қазан 2026, 19:32
221
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы алтын медаль саны бойынша бұрынғы үздік көрсеткішін жаңартты. Жарыстың алғашқы үш күнінде отандық спортшылар 10 алтын, 10 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазір жалпы 32 медаль бар. Алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен Анастасия Калаус жеңіп алды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы ең жоғары көрсеткіші 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жарыста тіркелген еді. Сол кезде ұлттық құрама 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленіп, жалпы 41 жүлде жеңіп алған. Биылғы ойындарда қазақстандық спортшылар алтын медаль саны бойынша осы нәтижеден асып түсті.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сонымен қатар пара дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандық пара дзюдошылар 5 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан екінші, Қытай үшінші орынға жайғасты.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

V Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын 150 спортшы қорғап жатыр. Жарыс 24 қазанға дейін жалғасады. Алда қазақстандық спортшылардың медаль қорын толықтыруға әлі де мүмкіндігі бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандық пара дзюдошылар екі алтын жеңіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Қазақстан құрамасы пара дзюдодан 5 алтын жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын алды.

Наверх