Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үш ауысымды мектептер мәселесі биыл толық шешіледі – Бейсембаев

Олжас АДАЙ
12 Тамыз 2025, 11:46
618
Бөлісу:
 - архив/ Артём Чурсинов
Фото: - архив/ Артём Чурсинов

Қазақстанда үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай азайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде оқушы орындарының тапшылығы мен сыныптардың толып кетуі мәселесі негізінен мегаполистерде – Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында сақталып отыр.

Үш ауысымды мектептердің саны бұрын 100-ден асатын. Өткен жылы біз олардың 70-інің мәселесін шештік. 30-дан астамы қалған еді. Биыл бұл мәселе толық шешіледі деп отырмыз. Дегенмен аталған өңірлерде оқушы орындарына деген қажеттілік әлі де болады, – дейді министр.

Оның сөзінше, жаңа мектеп құрылыстары ең алдымен осы өңірлерде жоспарланған.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында мемлекеттік тілге бағытталған жобалар іске қосылатынын айтты. Сөзінше, қыркүйекте қазақ тілін бүлдіршіндерге үйрететін жоба іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы