Абай облысы Үржар ауданындағы әуежайдың ұшу-қону алаңы ұзақ жөндеуден кейін қайтадан ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі жылға созылған құрылысқа республикалық бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Алаң толықтай жаңғыртылып, ұшу және қону жолағы 1500 метрден 2100 метрге дейін кеңейтілді.
Мұнан бөлек бес қабатты бақылау мұнарасы салынды. Қазір әуежай бір мезетте екі ұшақты қатар қондыра алады.
15 мамырдан бастап «Бомбардие» маркалы ұшақ Астанадан Үржарға жолаушыларды тасымалдай бастады.