Елордалық коттедждерде ұрлық жасап жүргендер қолға түсті

13 Қыркүйек 2019, 20:39
1848
Бөлісу:
Елордалық коттедждерде ұрлық жасап жүргендер қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар пластик терезені ашу арқылы ұрлық жасап келген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде коттедждерден ұрлық жасағаны үшін Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында туып-өскен бұрын сотталған тұлғаларды ұстады.

отжим окна фото.jpg

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

"Тергеп-тексеру барысында ұсталғандар күндізгі уақытта пластик терезені ашу арқылы қала шетінде орналасқан коттедждерге кіріп, одан ақшалай қаражат, зергерлік және тон бұйымдарын ұрлағаны, содан соң ломбардқа өткізгені анықталды. Қазіргі кезде 4 ұрлық жасағандары дәлелденуде", - делінген хабарламада.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, олардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28 немесе "102" телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - деп хабарлады Полиция департаментінде.

Өзгелердің жаңалығы