"НемолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Калькуттадан қарағандылық қыз көмек сұрағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Калькуттада тұрады екен. 10, 3,5, 1,1 жастағы балалары бар. Егер осы жерден шыға алатын мүмкіндік болса, көмектесіңіздер деп отыр,- деп жазды Дина Таңсәрі.
Құқық қорғаушының айтуынша, оның күйеуі 4 жыл бойы оны ұрып, тұншықтырған.
Отбасын асырамай, тамақ беруді шектеп отыр. Үлкен қызын оқытпай, отбасын ешқайда шығармайды. Әйелдің жинаған бар ақшасын тартып алған. Әйел Үндістаннан кеткісі келеді. Алайда екі баласының визасы жоқ. Ал үлкен қызының визасы бұзылған. Басында күйеуі бұл қырынан көрсетпеген. Мен Әйелдердің құқығын қорғау комитетін бұл оқиғаға араласуын сұраймын,- деді Дина Таңсәрі.