ҰҚШҰ басшылары 14 құжатқа қол қояды. Ол не туралы?

Бүгiн, 16:21
605
Бөлісу:
ҰҚШҰ басшылары 14 құжатқа қол қояды. Ол не туралы?
Фото: Ақорда

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қол қоюға 14 құжат ұсынылып отыр. Бүкіл мәселелер қажетті рәсімдерден өтіп, келісілді. Олар ҰҚШҰ отырысында қаралып, мақұлданды және қол қоюға әзір, - деді Тасмағамбетов.

Ол күн тәртібіндегі ерекше маңызды іс-шараларды атап атады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы – бұл құжат халықаралық және өңірлік саяси жағдайдың қарқынды өзгерістерін ескере отырып әзірленген. Онда халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ұйымның ұстанымы айқын көрсетілген. Сонымен қатар, ұйым қызметінің негізгі қағидаттары негізінде мүше мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастыққа және өзара іс-қимылға деген көзқарастары көрсетілген. Бұл іс-шаралар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, - деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Екінші құжат – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бойынша.

Үшінші – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараны нығайтуға бағытталған ҰҚШҰ мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бойынша.

Төртінші – 2015 жылғы 15 қыркүйектегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама. Бұл құжат мүше мемлекеттердің әскери құрылымдарын, олардың қозғалмалы мүлкін және уақытша пайдалануға арналған өнімдерін тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты реттейді.

Бесінші – 2010 жылғы 10 желтоқсандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Бұл құжат ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының мәртебесіне қатысты. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі ұйым аясындағы одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, БАҚ өкілдерімен, Қорғаныс министрлері комитетімен және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесімен бірлескен отырыстар барысында әскери ынтымақтастықты дамытуға қатысты шешімдерді бекіту ұсынылады, - Тасмағамбетов. 

Алтыншы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі.

Бұл шешім ҰҚШҰ Орталық Азия өңіріндегі жедел әрекет ету ұжымдық күштерін қару-жарақпен, әскери және арнайы техниканың заманауи және перспективалық үлгілерімен жабдықтауға қатысты, - деді бас хатшы.

Жетінші – келесі сессия өткізу туралы шешім.

Бұл сессия 2025 жылдың төртінші тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізіледі деп жоспарланған. Сізден осы құжаттарды қарастырып, тиісті шешім қабылдауды сұраймыз, - деді Тасмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы