ҰҚШҰ аясында Қазақстан әскері Ресейге көмектесе ме?

7 Маусым 2023, 15:39
987
Бөлісу:
ҰҚШҰ аясында Қазақстан әскері Ресейге көмектесе ме?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ Архив

Қазақстан Ресей жеріне әскерін жібермейді. ҰҚШҰ аясында мұндай жоспар жоқ. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан сарбаздарын ҰҚШҰ аясында Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас?, - деп қойды сұрағын журналистер.

Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз, - деп жауап берді Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы