ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

16 Қыркүйек 2024, 15:40
5036
Бөлісу:
ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: Gov.kz

Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Әли Алтынбаев 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2015 жылы «Тұран» университетін аяқтаған. 2019 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында оқыды.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

2001-2020 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің атқарушы және басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2020-2021 жылдары – ҚР ҚМА Экономикалық тергеу департаментінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2021-2022 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы;

2022 жылдың маусымынан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы