Қазақстан ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 51 құқықбұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 17 жағдай пара алу, 18-і пара беру, 3-еуі парақорлыққа делдал болу дерегі бойынша. Бұдан бөлек, 4-еуі өзгенің мүлкін иемдену немесе ысырап ету болса, 2 алаяқтық, 4 қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бар. Сондай-ақ билікті асыра пайдалану, қызметтік жалғандық жасау және қылмысты жасыру бойынша бір-бір деректен тіркелген.
Сотқа 29 қылмыстық іс жолданды. Оның ішінде 9 іс иемдену немесе ысырап етуге, 6 іс алаяқтыққа, тағы 6-ауы пара алуға, 5-еуі пара беруге, 2-еуі парақорлыққа делдалдық етуге және біреуі кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісіне қатысты.
Ведомствода атап өткендей, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған екі адамға 730 мың теңге төленді.