ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын жойды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰҚК баспасөз қызметі 11 Ақпан 2025 2025, 10:29
11 Ақпан 2025 2025, 10:29
650
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 15 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойғаны туралы жазған болатынбыз.

Наверх