ҰҚК Сирияға кетпек болған түркістандықты ұстады

2 Ақпан 2024, 13:48
716
Бөлісу:
ҰҚК Сирияға кетпек болған түркістандықты ұстады
Фото: ҰҚК

1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы