Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жойды.
Көрсетілген құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығы үшін оңтүстік астананың тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн теңгеге бағаланып отыр.
Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.