ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті

27 Қаңтар 2025, 11:02
201
Бөлісу:
ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті
PHOTO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті


Биыл 18 қаңтарда ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды.

ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды. Тінту барысында 20 килограмнан аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті
Өзгелердің жаңалығы