ҰҚК департаменті блогер Айболат Бөкеновті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Чиновник.kz" Telegram арнасына сілтеме жасап.
Басылымның ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ол қазір қорғау құқығына ие куәгер мәртебесінде.
Бөкенов аудан шенеуніктерінің бірінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан ірі сома талап еткен. 16 шілдеде ақша аударып жатқан жерінде күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды арна.
Дегенмен ҰҚК департаменті бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Айболат Бөкенов – блогер, қоғамдық желі мен әлеуметтік желілердегі арналардың иесі. Батыс Қазақстан облысының билігін сынаған материалдарды жүйелі жариялап отырды.
Блогер бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына іліккен болатын.
2019 жылы жол-көлік оқиғасы мәселесі бойынша Бөкенов полицияға бағынбады деп айыпталған болатын. Тәртіп сақшылары өз әрекеттерін кейін түсіндіргендей, блогер мас күйінде болған және жеке деректерді қорғау туралы заңды да бұзған.