ҰҚК операциясы: ҰБТ схемасы бойынша үш адам жауапқа тартылды

16 Ақпан 2024, 10:53
620
Бөлісу:
ҰҚК операциясы: ҰБТ схемасы бойынша үш адам жауапқа тартылды
Фото: ҰҚК

Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары «С», «Ж» және «Н» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.

Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сотталған адамдар 2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.

Өзгелердің жаңалығы