ҰҚК-ның алғашқы басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

24 Тамыз 2023, 19:24
704
Бөлісу:
ҰҚК-ның алғашқы басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Әскери қайраткер, арнаулы мемлекеттік органдар ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы хабарды Мемлекеттік күзет қызметі жеткізді.

Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда дүниеге келген.

  • Тәуелсіздік алғаннан кейін сол кездегі Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды.
  • 1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
  • 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі.
  • 1997 наурызда - Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды.
  • 2001 жылы құрметті демалысқа шыққан.
  • Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды.
Өзгелердің жаңалығы