ҰҚК Нұрлан Сабуровтың қатысуымен түсірілген видеоға тексеріс жүргізуде

Ведомство тексеріс жүргізу мерзімі мен оның ықтимал нәтижелерін нақтылаған жоқ.

 instagram.com/nurlan__saburov 16 Ақпан 2026, 14:30
16 Ақпан 2026, 14:30
1189
Фото: instagram.com/nurlan__saburov

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тарап жатқан бейнероликке тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясына.

Сонымен қатар, ведомство тексеріс жүргізу мерзімі мен оның ықтимал нәтижелерін нақтыламады.

Сөз комиктің ұрыс қимылдарына қатысып жатқан «Вагнер» жеке әскери компаниясының бөлімшесіне 10 мотоцикл бергені туралы айтқан видеоролигі жайында. 

Бірқатар пабликтердің жазуынша, видео 2025 жылдың шілдесінде Истра қалалық округінің басшысы Татьяна Витушеваның Telegram-арнасында жарияланған және 9 ақпанда, яғни Сабуровқа қатысты дау күшейгеннен кейін өшірілген. Жазбаны қолдан жасалған немесе жасанды интеллект көмегімен жасалған деп көрсету әрекеттеріне қарамастан, Factcheck.kz оның шынайылығын растады.

Әзілкештің депортациясы аясында әлеуметтік желілерде кең ауқымды сын толқыны басталды. Пайдаланушылар оның қазақтар, тіл және әйелдер туралы айтқан ескі әзілдерін қайта еске түсірді. Атап айтқанда, «Что было дальше?» шоуындағы сөздері қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2022 жылы АҚШ-тағы гастрольдері кезінде Сабуровтың концерттері соғысқа қарсы акциялармен қатар өткен еді.

Бұдан бөлек, Сабуров бұған дейін Ресейде көші-қон режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. 2025 жылдың мамыр айында ол елде рұқсат етілген мерзімнен артық болғаны үшін айыппұл төлеген.

Ал бұған дейін әзілкештің Ресейдегі концерттері жаппай тоқтатылған еді.

6 ақпанда Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Ресми себеп ретінде көші-қон және салық заңнамасын бұзуы көрсетілген. Кейінірек Ресейде әртістің шамамен 1 млрд теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі қалғаны хабарланды. Журналист Ксения Собчак депортацияның экономикалық немесе саяси себептері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Белгілі болғандай, қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдында түсініктеме берді.

Бұған дейін Нұрлан Сабуровқа 12 жыл түрме қаупі бар ма деген сұраққа заңгер жауап берген еді.  

Сондай-ақ, Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх