Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір Қазақстанның оңтүстігінде каннабис тобындағы есірткіні өндіру тыйылмай тұр. Ел жастары арасында синтетикалық есірткі түрлерінің таралуы қоғам үшін қауіп төндіріп, әжептәуір проблемаға айналған. Сол себепті, ірі қалаларда синтетикалық есірткіні өткізу жағдайы артып келеді.
Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Жалпы, заңсыз айналымнан 145 келіден астам синтетикалық сипаттағы есірткі мен 2,5 тонна химиялық прекурсор тәркіленді, - делінген таратылған мәліметте.
Өндірілген есірткінің ірі партиялары көлеңкелі сегментінде әрекет ететін есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Сонымен бірге, есірткі үшін ақы электронды төлем жүйесі арқылы қабылданған.