ҰҚК бірқатар өңірде діни радикалдарды ұстады

Кеше, 12:08
250
Бөлісу:
ҰҚК бірқатар өңірде діни радикалдарды ұстады
PHOTO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. 

ҰҚК бірқатар өңірде діни радикалдарды ұстады

Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған.

Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

ҰҚК бірқатар өңірде діни радикалдарды ұстады

Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

ҰҚК бірқатар өңірде діни радикалдарды ұстады

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы