ҰҚК Астанаға есірткі жеткізбек болған қазақстандықты ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰҚК баспасөз қызметі 23 Қаңтар 2025 2025, 15:02
23 Қаңтар 2025 2025, 15:02
743
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есірткі тасымалдау кезінде "наркокурьер" ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді.

Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін аса ірі көлемдегі есірткі затымен айналысқан күдікті Ресейден экстрадицияланғанын жазған едік.

Наверх