Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде 3 азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл қыркүйегінде ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі топты ұстады.
Сонымен, Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде 3 азамат ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген ҰҚҚ таратқан хабарламада.
Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: